«Экономика және менеджмент» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

Саханова Гаухар Бахытовна

PhD, қауымдастырылған профессор

Жұм.тел.:
8 (727) 296-71-33 (вн. 122)

E-mail:
g_sakhanova@mail.ru

«Экономика және менеджмент» кафедрасы Алматы технологиялық университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде 1976 жылдың басынан бері жұмыс істейді.

Кафедра қызметінің негізгі мақсаты-экономиканың нақты секторы, мемлекеттік билік органдары үшін жоғары білікті мамандарды кәсіби даярлауды қамтамасыз ету; экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару саласында негізгі құзыреттерді, білімдерді, дағдыларды қалыптастыру.

«Экономика және менеджмент» кафедрасы үлкен педагогикалық тәжірибесі мен жұмыс өтілі бар жоғары білікті кадрлармен жасақталған. Кафедрада оқу және ғылыми-зерттеу қызметін органикалық үйлестіретін жоғары кәсіби, шығармашыл, үйлесімді профессорлық оқытушылық құрам жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта кафедраны PhD, қауымдастырылған профессор Саханова Гаухар Бахытқызы басқарады.

«ЭжМ» кафедрасының түлектері Қазақстан экономикасының түрлі салаларында: экономиканың нақты секторында, қаржы-банк жүйесінде, мемлекеттік қызметте, жоғары оқу орындарында, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарында жұмыс істейді.

Қызметкерлер

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз